31 қазан, Сенбі

AIBA 2021 жылы бокстан әлем чемпионатының қайда өтетінін мәлімдеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) 2021 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты қайда өтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Белградта өтеді. Бұл туралы хабар Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) ресми сайтында жарияланды.

Сербия астанасындағы турнирдің нақты уақыты кейін анықталады. Түзетулер коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Олимпиаданың 2021 жылға ауыстырылуына байланысты енгізілген.

Бастапқыда 2021 жылғы Әлем чемпионаты Нью-Делиде өтуі керек еді, алайда қала AIBA-ның алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамағандықтан турнир Белградта өткізілетін болды. Үндістан астанасы айыппұл ретінде 500 мың доллар төлеуге міндетті.

Айта кетейік, 2021 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты да өтеді. Оның өтетін орнын AIBA кейінірек хабарлайды. Қазақстан құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатын алты медальмен (1 алтын, 1 күміс және 4 қола) қорытындылаған еді.

Бөлісу

.