3 маусым, Сәрсенбі

Садриддин Ахмедов екі белбеуі бар канадалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой бокшсы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі кездесуін IBF North American және WBO NABO белбеулерінің иесі канадалық Микаэль Зевскиге (34-1, 23 КО) қарсы өткізуі мүмкін, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Біз айтқанымыздың бәрін істеп жатырмыз. Біздің матчмейкер Стефан Луайе Зевскийдің промоутерлеріне ұсыныс жасайды және бұл өте қызықты болады. Бірақ Ахмедовпен ешкім айқасқысы келмейді. Ол біздің ұйымдағы ең керемет жігіт. Тіпті Брэндон Кук онымен кездесуден бас тартты. Егер Зевский бұған қызығушылық танытса, біз барлығын реттейміз», — дейді «Tiger Management» компаниясының жетекшісі.

Жекпе-жекті ұйымдастыруда бірқатар кедергілер болуы мүмкін. Tiger Management Зевски жаттығатын GYM компаниясымен қиын қарым-қатынаста. Сонымен қатар, боксшылар әр түрлі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: Зевский жартылай орта салмақта, ал Садриддин Ахмедов одан бір санат жоғары бірінші орта дивизионда.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде Канада елінде өткен бокс кешінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-6-2, 7 КО) қолғап түйістіріп, 7-раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

Бөлісу

.