3 маусым, Сәрсенбі

«Манчестер Сити» бас бапкерінің анасы коронавирустан көз жұмды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Пеп Гвардиоланың анасы коронавирустан көз жұмды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

82 жастағы Долорс Сала Каррио Барселона провинциясында қайтыс болды.

«Клубпен байланысы бар әр адам осындай ауыр сәтте Пепке, оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтады», – делінген «Манчестер Ситидің» Твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, Гвардиола «Манчестер Ситиді» 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оған дейін «Барселона» мен «Бавария» тізгінін ұстаған болатын. Соңғы мәлімет бойынша Испанияда COVID-19 жұқтырғандар саны 135 мыңнан асты. 13 169 адам инфекциядан қайтыс болған.

Бөлісу

.