3 маусым, Сәрсенбі

Нұрғожа Қайпанов: «Барлық белдесуге анализ жасап жатырмын»

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің #ҮйдемізTeamKz онлайн жобасының кезекті шығарылымында еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов қонақта болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Тікелей эфир барысында балуан карантин кезінде уақытын қалай өткізіп жатқаны туралы айтты.

«Карантинде бос уақытымды тиімді пайдаланып жатырмын. Қазір карантин болғандықтан ауылда ата-анамызбен біргеміз. Тек өзім емес, ағзам да демалып қалды десем өтірік емес. Себебі, үзіліссіз жаттығу, жарыстан кейін дене де шаршайды. Оның үстіне, мен қазір салмақ ауыстырдым. Жаңа салмаққа үйренісу де біраз уақытты алады.

Осы уақытты пайдаланып, барлық белдесуге анализ жасап жатырмын. Күніне екі сағат уақытымды күрес видеоларын көруге арнаймын. Өзімнің, қарсыласымның күресін бақылап, саралап отырамын. Бірінші көргенде байқамаған қателікті екінші көргенде байқап жатасың. Карантинде де негізгі жұмысым — осы», – деді Қайпанов.

Бөлісу

.