3 маусым, Сәрсенбі

Хабибсіз өтетін UFC 249 турнирінің қайда болатыны белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UFC 249 турнирі АҚШ батыс жағалауындағы үндіс резервацияларының бірінде өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

ESPN мәліметінше Хабибсіз өтетін UFC 249 турнирі АҚШ батыс жағалауындағы үндіс резервацияларының бірінде өтеді. Мұндай таңдау жасаудың себебі бар, резервацияларда штаттың атлетикалық комиссиясының ережелері әсер етпейді.

Еске салайық, турнир 18 сәуірде Нью-Йоркте өтуі керек болған. Кештің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон кездесуі қажет еді.
Алайда ресейлік файтер коронавирус пандемиясына байланысты турнирге барудан бас тартқан. Ал Нью-Йоркте жағдай қиын — АҚШ-та вирус жұқтырғандардың ең көбі осы қалада тіркелді.

Айта кетейік, турнирдің өтетін орны туралы әлі ресми хабарланбады.

Бөлісу

.