3 маусым, Сәрсенбі

Ресми: Тони Фергюсон Джастин Гэйджимен жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Тони Фергюсон жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің орнына Джастин Гэйджимен жекпе-жек өткізеді,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

UFC 249 турнирі ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовсыз өтетінін жазған едік. Осы турнирдің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін Тони Фергюсон Джастин Гэйджимен жекпе-жек өткізеді. 19-сәуір өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде Тони мен Джастин жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салады. 

Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен 36 жастағы америкалық Тони Фергюсон шығуы керек еді. Rоронавирус пандемиясына байланысты Нью-Йоркта өтпейтін болды. Бұған дейін ресейлік файтер бұл жекпе-жектен бас тартатынын айтқан болатын.

Бөлісу

.