3 маусым, Сәрсенбі

Дамир Исмагулов Нурмагомедовтің Фергюсонға қарсы жекпе-жектен бас тартуына қатысты пікір білдірді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ресейдегі этникалық қазақ, Arlan MMA Pro Team командасының өкілі UFC спортшысы Дамир Исмагулов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жектен бас тартуына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ол «Территории ММА» Youtube-арнасына берген сұхбатында Хабибтің әрекеті дұрыс екенін айтты. Исмагуловтың айтуынша, барлық факторларды ескере отырып, Хабиб дұрыс шешім қабылдады. Ол сонымен қатар бесінші рет өтпей қалған  жекпе-жекке болжам жасады.

«Бұл көп күткен жекпе-жек болғаны рас. Оның өтпейтіні туралы хабар жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Кейбіреулер Хабибке оны шыққысы келмеді деп айыптайды, бірақ көрейік.

Хабибте жеңіліс жоқ. Мынадай қиын сәтте неге басын қатерге тігуі керек?  Мен не істейтінімді білмеймін, бірақ менің ойымша Хабиб бәрін дұрыс істеді.

Хабиб қорқады деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине. Ол бір қорықса, мұндай абсурд жағдайдың кесірінен бір сәтте бәрін жоғалтам деп қорқуы мүмкін. Демек, жағдай оған толық дайындалуға мүмкіндік бермейді. Бұл қатені күтіп отырғандар да бар.

Тониге жоғалтатын ештеңе жоқ, ол кез келген жекпе-жек өткізуге келіседі, өйткені ол аш. Оның Хабибпен шыққаны жақсы, бірақ мен бұл жағдайда Хабиб дұрыс  қадамға барды деп санаймын. Көп жыл жинаған мұраңды, жылдар бойы еткен еңбегіңді соқыр тәуекел етіп қатерге тігудің қажеті жоқ.

Жанкүйерлер деген сондай. Жеңсең сенімен бірге, жоспарды бұзсаң, бәлеге қаласың. Егер жекпе-жек болса, менің ойымша, 60/40 Хабибтің пайдасына болар еді. Менің пікірімше, жекпе-жек бес раундқа созылады, бірақ төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Хабиб жеңер еді », — деді Ысмағұлов.

Айта кетейік, Хабиб-Тони жекпе-жегі осымен бесінгі рет өтпейтін болды.

Бөлісу

.