3 маусым, Сәрсенбі

Таиланд пен Малайзия елінің ауыр атлеттері Токио Олимпиадасынан шеттетілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Екі елдің ауыр атлеттері Токио Олимпиадасынан шеттетілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Тәуелсіз федерациялардың санкциялар жөніндегі тобы (IMFSP) допингіге қарсы ережелерді бұзғаны үшін екі елді дисквалификациялау туралы шешім қабылдады.  Атап айтқанда, Тайланд ауыр атлетика қауымдастығы (TAWA) және Малайзия ауыр атлетика федерациясы (MWF) дисквалификацияланды. Сонымен екі елдің штангашыларына халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салынды: TAWA -2023 жылғы 1 сәуірге, MWF -2021 жылғы 1 сәуірге дейін.

Сондай-ақ Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) турнирдің қай күні өткізілетіндігіне қарамастан Таиланд және Малайзия ауыр атлеттері Токио Олимпиадасы ойындарына қатыспайтындығын атап өтуде. Бұдан басқа TAWA 200 мың доллар айыппұл салынды, ал оның лауазымды тұлғалары екі жыл мерзімге қызметінен шеттетілді.

Бөлісу

.