3 маусым, Сәрсенбі

Геннадий Головкин P4P бойынша ең үздік 5 боксшының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Геннадий Головкин салмақ санаты еленбейтін әлемдегі ең үздік 5 боксшының қатарында, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әйгілі Boxrec порталы салмақ санаты еленбейтін әлемдегі үздік боксшылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин төртінші орынды иеленіп тұр. Орта салмақта IBF және IBO чемпионының еншісінде 811,1 ұпай. Бірінші орынды WBA Super және WBC Franchise орташа салмақтағы чемпионы, мексикалық Сауль Альварес сақтап қалды. Ауыр салмақтағы WBC чемпионы, соңғы жекпе-жегінде америкалық Деонтей Уайлдерді жеңген Тайсон Фьюри рейтингте екінші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта Тайсонда 1022 ұпай бар.

Үшінші орында WBC және IBF салмақ бойынша чемпионы, американдық Эррол Спенс. Қазіргі уақытта бұл боксшыда 825,6 ұпай бар.

Бөлісу

.