3 маусым, Сәрсенбі

Қазақстандық балуан қыздар UWW рейтингінде төрттіктен көрінді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Біріккен күрес әлемі (UWW) әйелдер күресінен әлемдік рейтингті жаңартты. Алғашқы төрттік тізімінде қазақстандық балуан қыздар да бар, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50 келіде әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері Валентина Исламова өз салмағында алғашқы төрттікке енді. Ол 39 ұпай иеленген. 

Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова 72 келі салмақта үшінші орында келеді. Жәмиланың еншісінде 36 ұпай бар. Құрлық додасының жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келіде төртінші орында тұр. Ол 44 ұпай иемденген. 

Айта кетейік, осыған дейін грек-рим және еркін күрестен әлемдік рейтинг жарияланған болатын. 

Бөлісу

.