3 маусым, Сәрсенбі

Тони Фергюсон: Хабибты чемпиондық атағынан айыру керек

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Тони Фергюсон Хабиб Нурмагомедовты титулынан айыруға шақырып, оның жекпе-жектен бас тартпауға мүмкіндігі болғанын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Оның осында (АҚШ-та) қалуына немесе Ресей шекаралары жабылғанға дейін оралуына болатын еді. Бұл жігіт төбелескісі келмейді. Ол қорқып, қашып кетті. Оны атағынан айыру керек», — деді Фергюсон ESPN MMA-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов өзінің Инстаграм арқылы Фергюсонмен болатын жекпе-жектен бас тартатынын айтып, мәлімдеме жасаған. Жекпе-жек 18 сәуірде Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) жоспарланған және UFC 249 турнирінің басты оқиғасына айналуға тиіс еді, алайда коронавирус пандемиясына байланысты жергілікті билік пен атлетикалық комиссия турнирдің өтуіне тыйым салды.

Бөлісу

.