29 мамыр, Жұма

Ерлан Серікжанов: Рейтингте көш бастағандар тағы бір жыл мықтылығын дәлелдеуі керек

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов лимпиаданың ауыстырылуы мен рейтингке қатысты өз ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап. 

«Олимпиада ойындарының шегерілуі дұрыс шешім деп ойлаймын. Бұл жерде спортшылардың денсаулығы, бас амандығын бірінші орынға қойылып отыр.

Бір жағынан, дәл қазіргі таңда рейтингте ұпайы жетпей жатқан спортшылар үшін өте үлкен мүмкіндік берілді. Олар енді берілген мүмкіндікті барынша дұрыс пайдаланып, жарыстан орын алуға, тисіті ұпайды иеленуге жанын салады.

Десе де, рейтингте көш бастап тұрған спортшыға бұл жағдай оңай тимесі анық.  Себебі, олар жолдама жолындағы таласта жанкештілік танытып, мықтылығын тағы бір жыл дәлелдей түсуі керек болады.  Бүкіләлемді дүрліктірген дерттен аман-есен шықсақ екен деп тілеймін!», — дейді Ерлан Серікжанов. 

Бөлісу

.