3 маусым, Сәрсенбі

Нысана көздеуден әлем чемпионаты өтпейді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Спорттық атудан халықаралық федерация COVID-19 індетіне байланысты нысана көздеу және стенд атудан өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын шегерді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап. 

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік сын 11-19 шілде аралығында Германияның Зуль қаласында өтуі тиіс болатын. 

Сонымен қатар, 2-9 маусым күндері Мюнхен (Германия) қаласында өтеді деп жоспарланған нысана көздеуден әлем кубогі кезеңі де белгісіз мерзімге ауыстырылды. 

Ал мамыр айында Үндістанда өтуі тиіс нысана көздеу мен стенд атудан әлем кубогі кезеңдерін ауыстыру туралы мәлімдеме әлі шыққан жоқ.

Бөлісу

.