3 маусым, Сәрсенбі

Қазақстандық еркін күрес шеберлері әлемдік рейтингте үздік үштікте тұр

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UWW еркін күрестен наурыз айында үздік төрттіке енген балуандар тізімін жариялады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап

65 келіде әлем чемпионатының финалисі Дәулет Ниязбеков рейтингте үшінші орында келеді. Ол Ресей және Үндістан балуандарын алға жіберген.

70 келідегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов та алғашқы үштікте. Жас балуан Ресей мен Польша спортшыларының ізімен келеді.

74 келіде Азияның екі дүркін жеңімпазы Данияр Қайсанов үшінші орында тұр. Қайсанов әйгілі Франк Чамизо (Италия) мен ресейлік Заурбек Судаковтан аз ғана ұпайға қалып қойған.

79 келідегі Ғалымжан Өсербаев рейтингтің үшінші сатысында. Бұл салмақта АҚШ пен Әзірбайжан балуандары көш бастап тұр.

Бөлісу

.