3 маусым, Сәрсенбі

«Ливерпуль» Клопп кетіп қала ма деп қауіптенеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Германия ұлттық құрамасы «Ливерпуль»  клубының бас бапкері Юрген Клоппты ұлттық құраманың қазіргі бапкері Йоахим Левтің орнына негізгі үміткер ретінде қарастыруда, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Mirror мәліметінше, «Ливерпуль» Клоппты өз клубында ұстау үшін үлкен күш салуы керек. Клопптің өзі Германия құрамасының бас жаттықтырушысы болуды мансаптық өсудің қисынды мәні санайды.

Клопп өткен күзде «Ливерпульмен» 2024 жылға дейін жасалған жаңа келісімшартқа қол қойды. 
Айта кетейік, «Ливерпуль»  2015 жылдың қазан айында неміс маманын бас бапкер қызметіне тағайындаған соң үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтқанда 2018 жылы Чемпиондар лигасының финалисі болды. Ал 2019 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Бөлісу

.