3 маусым, Сәрсенбі

Балуандарымыз әлемдегі ең үздік балуандардың қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық еркін күрес шеберлері әлемдегі ең үздік балуандардың қатарына кірді,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Балуандарымыз әлемдегі ең үздік балуандардың қатарында. Дәулет Ниязбеков 65 келіде алдына Ресей және Үндістан балуандарын жіберіп, үздік үштікке жайғасса, 70 келідегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Нұрғожа Қайпанов та алғашқы үштікте. Жас балуан Ресей мен Польша спортшыларының ізімен келеді. Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Данияр Қайсанов 74 келідегі ең мықты үштіктің қатарын толықтырған. Оның алдында әлем чемпиондары, әлемге әйгілі Франк Чамизо (Италия) мен ресейлік Заурбек Сидаков тұр. 

79 келідегі Ғалымжан Өсербаев рейтингтің үшінші сатысында. Бұл салмақта АҚШ пен Әзірбайжан балуандары көш бастап тұр.

Бөлісу

.