3 маусым, Сәрсенбі

Даңқты жеңіл атлет Усейн Болт мансабын аяқтады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ямайкалық жеңіл атлет Усейн Болт кәсіпқой мансабын аяқтады, — деп хабарлайды  QSport.kz  порталы.

Даңқты спортшы 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде 100 метр қашықтықта тек үшінші нәтиже көрсетті.

Бұған дейін Усейн Болт мансабын жеңіліс дәмін татпаған спортшы ретінде аяқтағысы келетінін айтқан болатын:

– Өзіме 100 пайыз сенімді болғандықтан жарыста бақ сынаймын. Қашан жарысқа қатысатынымды асыға күтіп жүрмін. Монакода өткен  «Гауһар лигасындағы» 100 метрге жүгіру кезеңінде көрсеткен өнерім – менің дұрыс бағытта дамып келе жатқанымның көрсеткіші.  Түрлі газеттер «Усэйн Болт мәңгі жеңімпаз. Оны тоқтата алатын спортшы болған жоқ» деген тақырыптарды қашан жазатынын елестетіп тұрмын.

Өзімді аңыз спортшы дей аламын. Осы жылға дейін көрсеткен нәтижелерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өзімді мақтан тұтамын, – деп келтіреді Усейн Болттың сөзін AFP ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, Усейн Болт жеңіл атлетикадан 8 дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған.

Бөлісу

Пікір жазу