29 мамыр, Жұма

Елдос Сметов Олимпиадалық рейтингте үздік үштікте

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов  Олимпиадалық рейтингте үздік үштікте келеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап.

Қазіргі таңда әлемдегі спорттық жарыстардың барлығы COVID-19 індетіне байланысты уақытша тоқтап тұр. Ал 2020 жылғы Токио Олимпиадасы тағы бір жылға ұзартылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін болды. Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиада уақыты ауыспаған жағдайда, 30 мамыр күні рейтингті жабуы тиіс болатын. Алайда, Олимпиада жолдамасына талас енді одан әрі жалғасады.  Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың олимпиадалық рейтингтегі көрсеткішін ұсынамыз. 60 келідегі Елдос Сметов 5018 ұпаймен үшінші орында келеді. Ғұсман Қырғызбаев 6-шы сатыда. 66 келідегі Ерлан Серікжанов 12-ші, Елдос Жұмақанов 20-шы орында. 73 келідегі Жансай Смағұлов 24-ші орында. 81 келідегі Дидар Хамза 32-ші орында. 90 келідегі Ислам Бозбаев 19-шы сатыда. 100 келіге дейінгі салмақта Айбек Серікбаев 50-ші сатыда. 100 келіден жоғары салмақтағы Ерасыл Қажыбаев рейтингтің 37-ші сатысында.

Әзірге, IJF олимпиадаға іріктеу турнирінің қалай және қашан жалғасатынын мәлімдеген жоқ.

Бөлісу

.