3 маусым, Сәрсенбі

Месси жалақы қысқарғаннан кейін қанша ақша жоғалтады?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Аргентина ұлттық құрамасы мен «Барселона» клубының жарық жұлдызы Лионель Месси жалақы қысқарғаннан кейін қанша ақша жоғалтатыны мәлім болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Барселона» сұрмергені жалақы қысқарғаннан кейін клубтағы басқа ойыншыларға қарағанда көбірек шығынға батады. Бұған дейін команданы сақтау үшін ойыншылар жалақысының 70%-нан бас тартқан еді. Клуб президентінің сөзінше, мұндай бастаманы команда капитаны Лионель көтерген. Мұны испан баспасөзі де растайды.

Total Sportek басылымының хабарлауынша, Мессидің қазіргі жалақысы айына 6 миллион еуроға жуық. Қазіргі қысқартудан кейін 4,2 миллион еуродан айрылады. Енді аргентиналық жұлдыздың жаңа жалақысы 1,8 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, бұл «Барселона» ойыншысының жалғыз шығыны емес. Ойындарға, жарнамалық келісімшарттарға және басқа да кірістерге қатысқаны үшін түсетін қосымша бонустар да бұған дейінгі табысынан аз пайда әкеледі. Месси қайырымдылық шараларына белсенді қатысып жүр. Ойыншы коронавируспен күреске 1 миллион еуро қаржы бөлді.

Бөлісу

.