3 маусым, Сәрсенбі

«Реал» маусымның жақын арада жалғасатынына сенбейді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мадридтік «Реал» клубы коронавирус індетінің кең таралуына байланысты карантин енгізілген футбол маусымы қашан басталуы мүмкін екендігі туралы ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

AS басылымының мәліметінше, испандық клуб коронавирусты тиімді емдеу немесе вакцина тапқанша маусым басталмайды деген сенімде. Ла Лига биылғы маусымды жалғастыруды жоспарлаған. Алайда корольдік клуб бұған онша сеніңкіремейді.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясы 11 наурызда жарияланды. Әлемде инфекция жұқтырған 850 мыңнан астам адам тіркелген. Ауру жұқтырғандардың 176 мыңнан астамы емделген. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус індетінің әсерінен қаржылық қиындыққа тап болған лигалар мен клубтарға арнайы қаржы қорын құруды жоспарлап отыр. Бірқатар клубтар ойыншыларының жалақысын қысқартатынын жариялаған болатын.

Бөлісу

.