3 маусым, Сәрсенбі

Арман Оспанов: Халқымыз бұдан да ауыр сынақтан өткен

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов (10-3) қазақстандықтарды сабырға шақырып, халқымыздың басынан бұдан да ауыр сынақ өткенін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы спортшы өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында жариялады.

« Ассаламуғалайкум құрметті ағалар, достар, бауырлар! Қазір шыны керек бүкіл әлем үлкен бір сынаққа тап болды. Мұның себебі түрлі болуы мүмкін. Енді олжағы қазір беймәлім және соншалықты да маңызды емес деп ойлаймын. Бірақ, мұның бәрі бір Алланың ғана рұқсатымен болып жатқан дүние! Алла Құранда: Жапырақта тек бір Алланың рұқсатымен ғана жерге түседі деген. Сол үшінде бұл барша адамзатқа келген бір сынақ. Енді хадисте әрбір қиыншылықтан кейін екі қуаныш келеді деген. Осыған орай, бұның артында да бізге үлкен бір сый, жақсылық бар деген үлкен сенімдеміз иншАлла! Шынында да Лайтман айтпақшы адамзат азды, бұзылды, әділдік азайды, аш-жалаңаш көбейді, имансыздық етек алып тұр әлемде, үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрғандай көрінді. Әлгі тарап жатырғой сириялық балақайдың Мен арғыжаққа барғанда Аллаға шағымданамын, бәрін айтамын дегеніндей-ақ адамзат қатты өзгеріп еді. Енді осы сынақтың арқасында адамзат тәубесіне келіп жатыр. Табиғат тазарып жатыр. Біздің ел адамның өлі етін адам жейтін бұданда есе есе ауыр сынақтан өткен халықпыз. Бұл сынақтан да ИншАлла тезірек өтеміз деп ойлаймын! Хадисте: Мұсылмандарға жұқпалы індет, көктем келіп, жаз шыға жоқ болып отырған депті. Сол айтпақшы Алланың қалауымен күн жылығанда бұл індеттен шығармыз! Қазір бізге бірлік, ынтымақ, жәрдемсүйгіштік, бауырмалдық, қайырымдылық, төзімділік, сабырлық және дұғада, құлшылықта болуымыз қажет! Мұсылман жеңісте қуаныш, қази. Өлсе мұндайда шейіт үкімінде болады. Қайғыланудың жөні жоқ! Алла елімізге амандық, жұртымызға тыныштық берсін! Алла бізге тезірек осы жұқпалы індет пен рухани және материалдық дағдарыстан аман-есен шығуды нәсіп етсін», – деп жазды Оспанов.

Айта кетейік, Бұған дейін Арман Оспановтың UFC ұйымымен келіссөздер жүргізуді бастаған жазған болатынбыз.  «Сұңқар» биыл жазда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарланған UFC турнирінде сын түсуі мүмкін.

Бөлісу

.