3 маусым, Сәрсенбі

Каратеден Азия чемпонаттары кейінге қалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы каратеден Азия чемпионаттары кейінге шегеріледі, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ересектер, жастар, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншіліктері кейінге қалдырылып отыр. Аталған додалар 2021 жылдың қазан айына дейінгі уақытқа шегерілді. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 10-12 шілде күндері Кувейтте өтуі тиіс еді. Ал ересектер арасындағы құрлықтық біріншілік алғашқыда Балиде 4-6 қыркүйек күндері өтеді деп жоспарланған болатын.

Ұйымдастырушылар COVID-19 эпидемиясының әлемдегі жағдайын ескере отырып, спортшылар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қатерге тікпес үшін осындай шешім қабылдағанын айтты.

Бөлісу

.