3 маусым, Сәрсенбі

Нұрсұлтан Қасымханов АСА тұжырымындағы ең үздік 10 спортшының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Нұрсұлтан Қасымханов АСА тұжырымының жаңартылған рейтингінде үздік 10 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

АСА тұжырымында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен Нұрсұлтан Қасымханов АСА тұжырымының жаңартылған рейтингінде үздік 10 спортшының қатарына кірді. АСА 102 турнирінде тұжырымның әлем чемпионы атағына таласқан спортшыны айқын басымдылықпен жеңген Нұрсұлтан «Сұлтан» Қасымханов АСА 105 турнирінде де нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Осылайша Нұрсұлтан ең үздік 10 спортшының қатарына кірді.

Айта кетейік, бұған дейін Асылжан мен Евгенийдің АСА тұжырымындағы ең үздік 5 спортшының қатарына кіргенін жазған едік.

Бөлісу

.