3 маусым, Сәрсенбі

Танымал UFC комментаторы Хабиб-Тони жекпе-жегін жүргізбейтінін айтты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Танымал UFC комментаторы Джо Роган Daily Express-ке берген сұхбатында коронавирустық пандемияға қарамастан 18 сәуірде жарнамасы әлі де жоспарланған UFC 249 турнирінде жұмыс істемейтінін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«UFC бұл жекпе-жекті 18 сәуірде өткізу жайын талқылап жатыр. Оны қалай ұйымдастыратынын білмеймін. АҚШ-та өткізе ала ма, жоқ па, ол да белгісіз. Олар барлығын он адамға жетпейтін адамдармен және ашық аренада ұйымдастыру туралы сөйлесіп жатыр. Мұны біреу жүргізетін шығар, бірақ бұл мен емес.

Мен UFC барлығын коронавируске қалай тексеретінін түсінбеймін. Егер біреуі инфекция жұқтырған болса ше? Оларға төбелесуге рұқсат ете ме? Егер біреуінікі Идрис Эльба сияқты симптомсыз болса ше? Хабиб жұқтырған болса ше? Фергюсон де сау болмаса ше? Сонда да төбелесе ме? Бұл қарғыс атқан жекпе-жек. Бірақ сол себепті (Дана) Уайт оны сақтап қалуға тырысады және оны он көрерменнің көз алдында болсын өткізуге келіседі »,  – деп келтіреді vRINGe.com сайты Роганның сөзін.

Айта кетейік, жанкүйерлер асыға күткен жекпе-жек өтпейтін болды. UFC Нурмагомедов — Фергюсон шайқасының уақытында өтетініне сенімді болған. Алайда жеңіл салмақтағы  UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бұл жекпе-жектің болмайтынын айтты. Спортшы бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасында тікелей эфирде баяндады. Бұған дейін қос файтер арасындағы жекпе-жек төрт рет өтпей қалған болатын. 

 

Бөлісу

.