3 маусым, Сәрсенбі

Егембердиев пен Бақытжанұлы АСА тұжырымындағы ең үздік 5 спортшының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары Евгений Егембердиев пен Асылжан Бақытжанұлы АСА тұжырымындағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең үздік тұжырымдардың бірінде сынға түсетін Асылжан «САҚ» Бақытжанұлы мен Евгений «Метис» Егембердиев ұйымның жаңартылған рейтингінде үздік 5 спортшының қатарында тұр. Егембердиев АСА 105 турнирдегі жеңісінен кейін бір сатыға жоғарылап, 4-орынға жайғасса, Асылжан екі сатыға көтеріліп, 5-орынға жайғасқан. Ауыр салмақта жұдырықтасатын отандастарымыздың салмағында чемпион Довлетжан Ягшимурадов болса, көш тізгінін Муслим Магомедов  бастап тұр.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы АСА 105 турнирінде Даниэль  Толедоны ауыр нокаутқа жіберсе, Евгений Егембердиев де Карол Селинскийді техникалық нокаутпен ұтқан болатын.  

Бөлісу

.