7 сәуір, Сейсенбі

Қазақстан құрамасының хоккейшісі допингпен ұсталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық хоккей федерациясы Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Владислав Никифоров допингпен ұсталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

19 жастағы хоккейшінің допинг-сынамасынан WADA тыйым салған заттардың тізіміне кіретін мельдоний табылды. Талдау 2019 жылдың 8 қарашасында, Қазақстан жастар құрамасы Таллинде өткен Балтика кубогына қатысып жатқан кезде алынған. Владислав Никифоров 15 айға спорттан шеттету туралы шешім шығарған. Ойыншы мельдоний оған дәрігер өткен жазда тағайындағанын айтқан. Ол дәрігерлерге өзінің хоккейші екендігін айтпаған. Сондықтан да клиника тиісті шектеулерді қарастырмаған. Сондай-ақ, спортшы тыйым салынған заттарды қолдануға ниеті жоқ екенін айтты. Дегенмен Халықаралық хоккей федерациясы допингке қарсы ережені бұзу қасақана жасалмаған деп тапты. Сонымен қатар, хоккейшінің әлі жас екенін және оның допинг туралы білмегені де ескерді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 8 ақпанында аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда Владислав Никифоров «Снежных Барсов» сапында өнер көрсетті. ЖХЛ аясында 24 матчқа қатысты. Сонымен қатар, ол Қазақстан жастар құрамасы сапында Балтық кубогында екі ойын өткізді.

Бөлісу

.