7 сәуір, Сейсенбі

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы ХОК шешімін толық қолдады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы ХОК шешімін толық қолдады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Жапония премьер-министрі С.Абэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімін толық қолдаймын. Жалпы, Олимпиада ойындарының мән-маңызын қайта қарау қажет. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Балаларға қолжетімді бұқаралық спортқа мойын бұрған жөн», – жазды Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, жақында Жапония үкіметі мен Халықаралық Олимпиада комитеті әлемге таралған коронавирус індетіне байланысты  Жазғы Олимпиада ойындарын келесі жылға қалдыру туралы шешімге келді.

Бөлісу

.