7 сәуір, Сейсенбі

Макгрегор коронавируспен күреске миллион доллар қаржы бөлді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор әлемге кең тараған коронавирус індетімен күреске қомақты қаржы аударды,– деп хабарлайды Qsport.kz.

Ол Твиттердегі парақшасына Ирландияның қаржы министрі Паскаль Донохьюмен жазысқан хатын жариялады.

«Мен бүгін бір миллион еуроға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға шешім қабылдадым және оларды Ленстердегі барлық ауруханаға таратуды сұраймын. Бұл ең көп жапа шеккен өңір», – деп жазды ол өзінің Твиттердегі парақшасына.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясы Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша әлем бойынша вирустың кесірінен 21 мыңнан астам  адам қайтыс болды.

Бөлісу

.