7 сәуір, Сейсенбі

Садриддин Ахмедов: Бұл ауруды да артта қалдырамыз

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) елдегі короновирусқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері «Қазақ сарбазы»  еліміздегі короновирусқа байланысты пікір білдіріп, халықты сабырға шақырды. 

«Ассалаумағалейкум баршаңызға. Еліміз аман болсын. Аллахтың қалауымен бұл ауруды да артта қалдырамыз», – деп жазды Садриддин. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде Канада елінде өткен бокс кешінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-6-2, 7 КО) қолғап түйістіріп, 7-раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

Бөлісу

.