7 сәуір, Сейсенбі

ATP турнирін жеңіп алған 20 жастағы теннисшінің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Сантьягода өткен ATP турнирінде жеңімпаз атанған бразилиялық теннисші Тиаго Сейбот Уайлдтың коронавирус жұқтырғаны анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ол COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы теннисші атанып отыр.

«Өткен аптадан бастап оқшауландым. Дәрігердің кеңестерін орындадым, өзіме күтім жасадым. Үйде қалу және жақындарымызға қамқорлық жасау керек екенін тағы да еске салғым келеді — бұл вирустың таралуына кедергі келтіруі мүмкін»,  деп жазды Уайлд Твиттердегі парақшасына.

Сантьягодағы жеңіс 20 жастағы бразилиялықтың мансабындағы алғашқы жеңісі болды.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясы Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша әлем бойынша вирустың кесірінен 19 мыңға жуық адам қайтыс болды.
Бөлісу

.