7 сәуір, Сейсенбі

Көркем гимнастикадан әлем кубогінің кезеңдері белгісіз мерзімге шегерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан әлем кубогінің бірнеше кезеңін кейінге қалдырғаны туралы хабарлады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап.

Көркем гимнастикадан 3 сәуірде Италияда әлем кубогінің кезекті кезеңі өтуі тиіс болатын. Ұйымдастырушылар аталған доданы 5-7 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады.  Ал Болгарияда 10-12 сәуір күндеріне жоспарланған байрақты бәсеке белгісіз мерзімге шегерілді. Сондай-ақ, 17-19 сәуір күндері Өзбекстанда, 24-26 сәуірде Әзірбайжанда өтуі тиіс жарыстар да білгісіз мерзімге ауыстырылды.

Жарыстардың нақты өткізілу уақыты алдағы уақытта хабарланатын болады.

Бөлісу

.