7 сәуір, Сейсенбі

Диего Симеоне әлемдегі ең табысты бапкер

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Атлетико» футбол клубының бас бапкері Диего Симеоне әлемдегі ең табысты бапкер атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рейтингті әлемдік атағы бар France Football басылымы жасады. Рейтингті жасау барысында бапкердің жалақысы ғана емес оның жеке табыстары да есептелген. Диего Симеоне 40,5 миллион еуро табысымен бірінші сатыға жайғасты. «Интердің» бас бапкері Антонио Конте 30 миллион еуромен екінші орынға тұрақтаған.

Ал үздік үштікті «Манчестер Сити» бапкері Пеп Гвардиола түйіндеп тұр. Ол бір жылда 27,5 миллион еуро пайда тапқан.

Бөлісу

.