7 сәуір, Сейсенбі

Коронавирус жұқтырған «Челси» футболшысы дертінен айықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Челсидің» жартылай қорғаушысы Каллум Хадсон-Одои коронавирустан толықтай айықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Каллум Хадсон-Одои өзін жақсы сезінеді, коронавирусқа сараптамасы оң нәтиже көрсетіп, карантинге жатқан соң қазір жағдайы қалыпты. Ойыншы толық айықты, қазір үйінде жаттығу бастады», — деп жазылған клубтың ресми сайтында.

Айта кетейік, 19 жастағы Хадсон-Одоидің коронавирус жұқтырғаны 13 наурызда хабарланған болатын.

Бөлісу

.