7 сәуір, Сейсенбі

«Атырау» ойыншылары әлемдік челленджді қолдады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық «Атырау» футбол клубының ойыншылары әлемдік #StayHome футбол челленджін қолдады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

#StayHome челленджі өткен аптада бүкіл әлемді жаулай бастаған болатын. Бірқатар танымал футбол жұлдыздары аталған челленджді қолдап видео түсірді.

Бұл челленджге «Атырау» футболшылары да қосылды. Челленджге қатысқандар арасында Даурен Қайраллиев, Айболат Мақуов, Ринат Жұматов және командаға жаңадан қосылған  Артак Дашян сынды ойыншылар бар.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясы Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша әлем бойынша вирустың кесірінен 19 мыңға жуық адам қайтыс болды. 

Бөлісу

.