19 қыркүйек, Бейсенбі

Эдди Хирн: Джошуа алдымен Пулевпен, сосын Ортиспен, соңынан Уайлдермен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Аса ауыр салмақта IBF, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн британиялық боксшының кімдермен жекпе-жек өткізетінін айтып берді, — деп хабарлайды  Qsport.kz  порталы.

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) осы ұйымның чемпионы Энтони Джошуаны WBA рейтингінің бірінші сатысында тұрған Луис Ортиспен жекпе-жек өткізуді міндеттесе, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBF) британиялық боксшыға келесі жекпе-жегін IBF белбеуіне міндетті үміткер Кубрат Пулевпен өткізуді талап еткен болатын.

«Пулев және Ортиспен жекпе-жек өткізетініміз айқын. Ортис біраз уақыт бұрын Джошуаның міндетті қарсыласы атанған. Алайда біз Кличко жекпе-жек өткізуден бас тартса, Пулевпен жұдырықтасу туралы келісімге келіп қойғанбыз. Джошуа алдымен Пулевпен жұдырықтасады, сосын Ортиске қарсы шаршы алаңға шығады. Егер ол уақытқа дейін Деонтей Уайлдер WBC белбеуінің иегері болып тұрса, Джошуа онымен де жекпе-жек өткізуі мүмкін», — деп келтіреді Хирннің сөзін BoxingScene сайты.

Айта кетейік, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Энтони Джошуа кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде қарсыласын нокаутпен жеңген.

Бөлісу

Пікір жазу