7 сәуір, Сейсенбі

Ольга Рыпакова: «Біз бәрібір Токио 2020-да көрісетін боламыз»

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының келесі жылға ауыстырылғаны жайлы пікір білдірді,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Біз Токио 2020-да әлі-ақ көрісетін боламыз. Халықаралық Олимпиада комитеті осы жылдың басты спорттық іс-шарасын кейінге шегеруге шешім қабылдағанына қарамастан Олимпиаданың атауы өзгеріссіз қалады. Дәл нақты күні белгісіз, бірақ 2021 жылдың 24 шілдесінен кешіктірілмейді.

Әрине, ұйымдастырушылар мен спортшылар үшін бұл өте жағымсыз жаңалық, бірақ бәрінен бұрын денсаулық маңызды. Тәуекелге баруға болмайды. ХОК пен Жапония үкіметі бұл қадамға бірінші кезекте адамдардың денсаулығын ойлағандықтан барды. Енді бәріміз бұл туралы ойлануымыз керек.

Бәрі сәтті аяқталады деп ойлаймын және Токио-2020-да міндетті түрде көрісеміз. Біз үйде жаттығамыз, өйткені қабырғалар көмектеседі», – деп жазды Рыпакова өзінің Инстаграм парақшасына.

View this post on Instagram

МЫ ВСЕ РАВНО УВИДИМСЯ НА ТОКИО-2020… Несмотря на то, что Международный Олимпийский комитет принял решение о переносе главного спортивного события этого года, название Олимпиады останется тем же. Точная дата неизвестно, но не позднее 24 июля 2021 года. . Конечно, для организаторов и спортсменов это очень печальное известие, но здоровье сегодня превыше всего. Мы не можем и не должны рисковать. На этот шаг МОК и правительство Японии пошли, потому что думают, в первую очередь, о людях. И все мы сейчас должны об этом думать. . Я думаю, что все закончится благополучно и мы обязательно увидимся на Токио-2020. Будем тренироваться дома, ведь здесь и стены помогают! . We’ll meet on Tokyo-2020… Because it was decided not to change the name of this global sport competition. Olympic Games will be solved next year. It was made for the health of people. . Of course it is sad for all of us, but now we must think about people at first. And I’m sure that everything will be good and we’ll see each other on the Tokyo-2020. . #olgarypakova #triplejump #flavko #altayathletics #worldathletics #stopcovid19 #stayathome

A post shared by Olga Rypakova (@olgarypakova_official) on

Айта кетейік, кеше ғана Жапония үкіметі мен Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарын келесі жылға қалдыру туралы шешім шығарды.

Бөлісу

.