7 сәуір, Сейсенбі

Роналду агентімен бірге коронавирус індетімен күреске қомақты қаржы бөлді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Португалия ұлттық құрамасы мен туриндік «Ювентус» клубының сұрмергені Криштиану Роналду агенті  Жорже Мендешпен бірге коронавирус індетімен күреске қомақты қаржы бөлді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Роналду мен Мендеш Лиссабон мен Портуда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған үш жаңа реанимациялық бөлімді қаржыландырмақ.

Бұдан бұрын Мендеш коронавируспен күресу үшін қаржылық көмек көрсеткен болатын. Ол Портудағы Сан-Жуан ауруханасына мыңдаған маскалар мен 200 мың қорғаныш халаттарын берді. Сонымен қатар ел ауруханаларына таратылатын сегіз механикалық желдеткіш құрылғыларға тапсырыс берді.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясы Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша әлем бойынша вирустың кесірінен 19 мыңға жуық адам қайтыс болды. «Ювентус» сұрмергені дәл қазіргі уақытта Мадейра аралында карантинде жатыр. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты Италия чемпионаты кемінде 3 сәуірге дейін тоқтатылды.

Бөлісу

.