7 сәуір, Сейсенбі

UFC спортшысы: Жалғас Жұмағұловтан мотивация аламын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UFC тұжырымының спортшысы Рафаэль Физиев Жалғас Жұмағұловтан мотивация алатынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

UFC тұжырымының спортшысы Рафаэль Физиев қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұловтың жұдырықтасу мәнерінің ерекше екенін, одан мотивация алатынын айтты.

« Жалғастың жекпе-жегін көріп, оның қолын түсіріп қарсыласын ашық айқасқа шақыратына тамсанам және содан мотивация аламын. Егер оның соңғы жекпе-жектеріне келер болсақ, әрине көптеген дау-дамайлар туып, жеңісіне көбісі күмәнмен қарады. Дегенмен ол қарсыластарынан қашып немесе күреске кіріп, соққыдан қорықпайды. Ашық айқасқа тайсалмай баратын, қорықпай төбелесетін оның жеңісіне күмәнмен қарайтындарды түсінбеймін», – деді Физиев.

Айта кетейік, Жақында ғана әлемдегі беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырған болатын. Оның алғашқы жекпе-жектегі қарсыласы америкалық Джордан Эспиноза болмақ. 

Бөлісу

.