29 мамыр, Жұма

«Бұл оңай емес». Жәнібек Әлімханұлы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) қазіргі уақытта аса қатты қарқынмен тарап жатқан коронавирус індетіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Біз жай ғана жекпе-жек күнін жоғалттық, ал біреулер отбасынан айрылды. Бұл оңай емес. Бәрі тынышталған кезде бізге жекпе-жек өткізуге болады, бірақ ешкім олардың отбасын қайтара алмайды. Барлық науқасқа сауығып кетуін тілеймін», деп жазды Әлімханұлы өзінің Твиттердегі парақшасында.

WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері 28 наурызда Квебек-Ситиде (Канада) өтетін Артур Бетербиев (15-0, 15 КО)  пен Мэн Фаньлун (16-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығуы керек болған. Алайда әлемге таралып жатқан коронавирус індетінің өршуіне байланысты кейінге шегерілді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.