7 сәуір, Сейсенбі

Олимпиаданың өту-өтпеуі қашан белгілі болады?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Токио Олимпиадасының өту-өтпеуі алдағы төрт апта ішінде белгілі болады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах мәлімдеді. Оның айтуынша алдағы төрт апта ішінде нақты бір шешім қабылданады.

«Біз барлық мүдделі тараптармен жаһандық денсаулық жағдайын және оның Олимпиадалық ойындарға әсерін, оның ішінде кейінге қалдыру сценариін бағалауды аяқтау үшін егжей-тегжейлі пікірталастарды бастадық. Біз өте тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы төрт аптада осы талқылауларды аяқтайтынымызға сенімдіміз», – делінген Бахтың ХОК сайтында жасаған мәлімдемесінде.

2020 жылғы Жазғы Олимпиада Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек.  Коронавирус індетінің таралуына байланысты іріктеу турнирлері кейінге шегерілді.

Айта кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 індетін пандемия деп жариялады. Әлемнің 184 елінде 267 мыңнан астам инфекция жұқтырып, 11 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұған дейін Жапония Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшесі Каори Ямагути Токио Олимпиадасын кейінге шегеру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Бөлісу

.