7 сәуір, Сейсенбі

Жапония ҰОК Олимпиаданы кейінге шегеруді ұсынды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жапония Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшесі Каори Ямагути Токио Олимпиадасын кейінге шегеру туралы ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Оның айтуынша, төртжылдықтың басты додасын кейінге шегеру арқылы спортшылардың дайындығына көбірек уақыт бөлеміз.

– Жаңалықтардан АҚШ пен Еуропада және басқа бірқатар мемлекеттерде спортшылар жаттығу жасай алмайды, — деді Каори Ямагути.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді деп жоспарлануда. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың айтуынша, әзірге Олимпиаданы кейінге шегеру туралы сөз қозғалғанмаған және оған негіз жоқ. 

Бөлісу

.