8 шілде, Сәрсенбі

«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек үшін келісімшартқа қол қойды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес  (53-1-2, 36 КО) Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек үшін келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Канело» маусым айында Сондерспен жекпе-жек өткізуге әлі де ниетті екенін айтты. Алайда ол коронавирус  індетінің өршуіне байланысты өтпей қалса, Головкинмен үшінші жекпе-жекке бірден өтуге әзір екенін білдірді», деп жазады The Athletic.

Айта кетейік, «Канело»-Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйек айының 12-інде Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T Stadium аренасында өтеді деп күтілуде. «Канело» соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында ресейлік Сергей Ковалевке қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген еді.

Бөлісу

.