7 сәуір, Сейсенбі

Батыр Жүкембаев әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14КО) әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық бокс ұйымы (IBO)  тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта үздік ондыққа кірген Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасындағы рейтингте де жоғарылады. Рейтингте 11-ші тұрған отандасымыз тоғызыншы орынға көтеріліп, әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кірді.

Айта кетейік,  Батыр осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегін 25 қаңтарда Монреальда (Канада) өткізіп, екінші раундта мексикалық боксшы Рикардо Лараны нокаутқа жіберді.

Бөлісу

.