7 сәуір, Сейсенбі

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі кейінге шегерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) жекпе-жегі кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жәнібек 28 наурызда Квебек-Ситиде (Канада) жеңілмеген ганалық боксшы Исса Самирге (18-0, 15 КО)  қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда әлемге таралып жатқан коронавирус індетінің өршуіне байланысты кейінге шегерілді.

«Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк (Top Rank Promotions компаниясы) спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы өзінің Инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.