7 сәуір, Сейсенбі

Шавкат Рахмоновтың алғашқы жекпе-жегі өтпейтін болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-мен келісімшартқа отырған бірінші қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың алғашқы жекпе-жегі өтпейтін болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді.

«Өкінішке орай, вирусқа байланысты Лондондағы жарыс АҚШ-қа ауыстырылады. Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өткізілмейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады, ал Шавкат оны әуежайда болғанда естіген», – деп жазды Әбдірахманов өзінің Инстаграм парақшасына.

Айта кетейік, Шавкаттың әлемдегі ең беделді тұжырымдағы алғашқы жекпе-жегі 21-наурыз күні Лондон қаласында UFC Fight Nights 171 турнирінде өтуі керек еді. Ол M-1 Challenge 101 турнирінде ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) жұдырықтасып, M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. Ал 28 маусым күні елордада бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы жекпе-жекте титуыл қорғап қалды.

Бөлісу

.