7 сәуір, Сейсенбі

Нұртас Әжбенов BoxRec рейтингінде көтерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) соңғы жекпе-жегінде нокаутпен жеңген соң BoxRec рейтингінде көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Дубайда өткен бокс кешінде Нұртас Әжбенов қарсыласы филиппиндік Джейра Магбуны(18-5-2, 9 КО) 1 минутта сұлатып түсірді. Бұл жеңісінен соң қазақстандық боксшы әлемдік рейтингінде 90-шы орыннан 86-шы сатыға көтерілді.

Айта кетейік, Нұртас Әжбенов кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген. Тоғыз жекпе-жегінің бәрінде ұтып, төрт қарсыласын уақытынан бұрын жеңген.

Бөлісу

.