29 мамыр, Жұма

Головкин Қазақстан құрамасын сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасын іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетуімен құттықтады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Амманда өткен турнирде Қазақстан құрамасы 9 лицензия жеңіп алды. Оның сегізі ерлер құрамасынан, біреуі әйелдер құрамасынан.

https://twitter.com/GGGBoxing/status/1237937976916750337?s=20

«Бокстан Қазақстан құрамасын Амманда өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймын. Сіздер Иорданияда үлкен іс бітірдіңіздер. Мен әр спортшының өз елінің намысын қорғауы қаншалықты маңызды екенін білемін. Біз сіздерге Токиода жанкүйер боламыз», – деп жазды Головкин Твиттердегі парақшасына.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Иордания астанасы Амманда өткен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде жеті жүлдені қанжығасына байлады. Екі алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен жалпкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.

Бөлісу

.