7 сәуір, Сейсенбі

Арман Оспанов UFC тұжырымымен келіссөздер жүргізуде

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Сұңқар» Оспанов атақты UFC тұжырымымен келіссөздер жүргізуді бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АСА 105 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде  Расул Мирзаевты жойқын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған «Сұңқар» UFC тұжырымымен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы спортшы бүгінгі баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Менеджерім Али Абдель-Азиз бен Ризван Магомедовпен кеше ғана сөйлестім. Олар UFC тұжырымымен келіссөздер жүргізуді бастады. Алдағы уақытта бәрі белгілі болады. Бәлкім елімізде өтетін турнирде өнер көрсетіп қалармын», – деді Оспанов. 

Айта кетейік, Арман Оспановтан нокаутпен жеңілген   Расул Мирзаев ауруханаға түсіп, жағының екі жерден сынғанын жазған едік.

Бөлісу

.