14 сәуір, Сәрсенбі

Эль-Класико: «Реал Мадрид» «Барселонаны» жеңіп, турнир кестесінде көш бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Испания чемпионатының 25 турында мадридтік «Реал» өз алаңында «Барселонаны» жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жанкүйерлер асыға күткен Эль-Класико «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті. Корольдік клуб каталониялықтарды 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде көш бастады.

Ойынның 71 минутында «Реал» сапынан Винисиус Жуниор әріптесі Тони Кросстың пасын сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды. Төреші қосқан қосымша 3 минутта ойынға тыңнан қосылған Мариано Диас 92 минутта гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша корольдік клуб жеңіске жетті.

Келесі турда каталондықтар 7 наурызда «Реал Сосьедадты» қабылдайды, ал «Реал» «Бетиспен» 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні кездеседі.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» «Барселонаны» Ла Лигада 2016 жылдан бері алғаш рет жеңді. Виничиус – 19 жасында Эль-Класико гол соққан ең жас ойыншы.

Бөлісу

.