5 сәуір, Жексенбі

IBF Энтони Джошуа мен Кубрат Пулевті жекпе-жек өткізуге міндеттеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық бокс қауымдастығы аса ауыр салмақта IBF чемпионы Энтони Джошуа келесі жекпе-жегін белбеуге міндетті үміткер Кубрат Пулевпен өткізуді талап етті, — деп хабарлайды  Qsport.kz  порталы.

«Кличко мансабын аяқтағанын мәлімдегеннен соң, ережеге сәйкес Джошуа IBF чемпиондық белбеуін қорғауы қажет.

Қазіргі таңдағы ықтимал қарсылас — рейтингіде 2-орында тұрған Кубрат Пулев. Келіссөздер дереу басталып, 3 қыркүйекке дейін аяқталуы қажет. Егер келіссөздер нәтижесін бермесе, IBF сауданы бастайды», — делінген федерацияның мәлімдемесінде.

WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Энтони Джошуа кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде қарсыласын нокаутпен жеңген.

Айта кетейік, бұған дейін мансабын аяқтаған украиналық боксшы Владимир Кличко Энтони Джошуаны өзінің ізбасары деп санайтынын айтқан еді.

Бөлісу

Пікір жазу